28 жастағы қыз отбасы туралы бар шындықты біліп, анасымен енді өмір бойы араласпайтынын мәлімдеді
Желі қолданушысы отбасы туралы шындықты кездейсоқ біліп, енді анасымен өмір бойы араласпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reddit сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Shutterstock/Fotodom
Қыз естіген сөзінен кейін оны кешірмейтінін жеткізді.
28 жастағы қыздың айтуынша, атасы немерелерінің әрқайсысына 25-ке келгенде пайдаланатын қор қалдырған. Ол бұл туралы алғаш рет ағасымен сөйлескенде естіпті. Осыдан кейін жазба авторы мұра туралы анасынан сұраған.
"Мені таңғалдырғаны, ол бұл ақшаны менің болашағым үшін қолданғанын айтты. Сосын қаржыны бір нәрсеге инвестициялады немесе қауіпсіз жерде сақтап жүр деп ойладым. Алайда олай болмай шықты. Анам ақшаны отбасылық шығындар мен төтенше жағдайларға жұмсапты", – дейді қыз.
Анасы қызына ол ақшаны басқаруға тиіс емессің деп айтыпты.
“Оның ойынша, біз ақшаны ысырап етуіміз мүмкін. Сондай-ақ анам қаражатты ұқыпты жұмсағаны үшін алғыс айтуды бұйырды. Анамнан, неліктен ақшаны жаратуға рұқсат сұрамадың дегенде “түсіністікпен қарайды деп ойладым” деп айтты”, – дейді қыз.
Қыз анасының әрекетіне қатты ренжігенін және ашуланғанын мойындады.
"Содан бері одан қашып жүрмін. Енді онымен өмір бойы араласпауды ойлап жүрмін", – деді қыз.
Пікір қалдырушылар оқиға кейіпкеріне заңға жүгініп, ақшасының қайда кеткенін білуге кеңес берді. Сондай-ақ олар ананың бұл әрекетін ұрлық деп атаған.
Айта кетейік, бұған дейін Блогер қызын ауыр дертке шалдыққандай көрсету үшін әдейі улап, оқырмандарынан ақша жинағаны туралы жазған едік.