"22 жыл құлдықта өмір сүрген": Қарағанды тұрғыны 16 жасынан бастап құлдыққа түскені туралы айтты
Құқыққорғаушылар қазіргі құл иелерінің құрбандары тек мигранттар ғана емес, сонымен бірге кәдімгі ерлер мен әйелдер, қарттар мен балалар болуы мүмкін екенін ескертеді. Мадина Аманбаева 22 жылын құлдықта өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды.

Мадина Аманбаева жетімдер үйінде өскен.16 жасында еңбек құлдығына түскен. Ол 22 жыл құлдықта өмір сүрген. 22 жыл бойы фермада істеп, ақысына таяқтан басқа соқыр тиын да алмаған.
"Ұрғанда қалай ұратын. Бірде омыртқам сынған", - дейді ауыр күндері туралы Мадина.
Мадина жұмыс таңдап отырмаған, ерлер істейтін небір ауыр жұмыстарды да істеген. Қазір оның жасы 39-да болса да осыған дейін бір де бір рет айлық алып көрмеген.
"Мені мазақ қылатын. Менің ғана емес қызымның да үстінен күледі. Тіпті, ұрады", - дейді Мадина.
Құлдықта жүрген Мадина үш балалы. Құлдықта жүрген адамдар қалыпты өмірге бірден үйренісе алмайды. Көбісі жалғыздықтан немесе қорқыныштан көз жұмып жатады.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"