Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылдың қорытындысы: Қазақстандықтар кімдермен мақтанды

2020 жыл адамзат үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болғаны сөзсіз. Құлақ естіп, көз көрмеген вирустың салдарынан әлемдік шаралар мен жобалар кейінге шегеріліп, жоспарланған уақытында болмай қалды. Көптеген жағымсыз жаңалықтар бірінен кейін бірі орын алып жатты. Десе де Stan.kz тілшісі осы жылдадағы ең жағымды жаңалықтарды тізіп көрді. 

Оңтүстік Кореяда қазақ жігіті 10 адамды өрттен құтқарып қалды

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Янъян қаласында 28 жастағы Қазақстан азаматы жатақханадағы өрт кезінде он адамды құтқарды. Кангвондо провинциясының Янъян қаласындағы жатақханада тұратын, Қазақстаннан келген заңсыз мигрант Әли, түтіннің иісін сезген соң дәліздер бойымен жүгіріп, есіктерді қағып, оңтүстіккореялықтарға "от", деп айқайлай бастаған.

Құтқарылған көршілердің айтуынша, Әли өрт сөндірушілерді күтпей-ақ, тұрғындарға жанып жатқан ғимараттан шығуға көмектесе бастаған. Өз өмірін қауіпке тігіп, қазақстандық он тұрғынға көмектескен, өрт салдарынан екінші және үшінші дәрежелі күйік алған. 

Өрт болған жерге жеткен полиция қызметкерлеріне келген тұрғындар Қазақстанның батыры туралы айтқан. Қызметкерлер келген кезде Әли өзінің заңсыз эмиграция фактісі анықталып, Оңтүстік Кореядан экстрадицияланады деп қорқып, оқиғаға орнынан кетіп қалған. 

Кейінен Корей билігі оның құжаттарын қарап шығып, қазақстандық Әлиге арнайы виза беруге шешім қабылдады. Болашақта оған тұрақты тұру құқығын беру мәселесі қаралуы мүмкін. Сондай-ақ Әлидің бұл жанкешті ерлігі елеусіз қалмай, Корей билігі тарапынан марапат алды. Тіпті, өрт сөндіруші қызметкері болуды ұсынды. Бірақ қазақстандық Әли бұл ұсыныстан бастартты. Өйткені, ол үшін Қазақстан азаматтығынан бас тарту керек еді.

Нұржан Рашид

Ақтөбе облысында 19 жастағы студент өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Оқиға 21 сәуірде Ырғыз ауылында болған. Өзеннің жанында ойнап жүрген 5 жастағы бала кенеттен суға түсіп, толқын оны жағалаудан жеті метр қашықтыққа алыстатып жіберген.

Суға батып бара жатқан бүлдіршінді 19 жастағы студент Нұржан Рашид көрген. Ол еш ойланбастан көмекке барған. Студент балаға жүзіп жетемін дегенше, ол екі метрге жететін жерге батып бара жатқан. Нұржан баланы жағаға шығарған кезде, ол ес-түссіз болған. Нұржан оған алғашқы көмек көрсетіп, жүрек массажын жасап, есін жинауға көмектескен.

Құтқарушылардың мәліметінше, Нұржанның дұрыс және уақтылы әрекеттері баланың өмірін сақтап қалды.

Данэлия Тулешова 

Кішкентай кезінен-ақ сахнаны бағындырған жас әнші - Данэлия Тулешова осы жылы да елін біраз жетістіктерімен қуантты. Ол танымал шетелдік жоба -  America's Got Talent шоуына қатысып, миллиондаған көрермендерінің  жүрегінен орын алды. 14 жастағы қазақстандық жас әнші America's Got Talent танымал шоуының 15-маусымының финалында өнер көрсетті

Ол әдеттегіше әділқазылар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Журналистерге берген сұхбатында Данэлия: "Мен өте керемет және ауқымды America's Got Talent байқауына қатысамын. Бұл кез-келген әншінің арманы болатын байқау деп ойлаймын, өйткені бұл өте жоғары деңгей", - деп атап өткен болатын.

Қазақстандық жас жұлдыз шетелдік шоудың финалына дейін жолдама алды. Бірақ ақтық бәсекеде асығы алшысынан түспеді. Десе де оны бүкіл Қазақстан халқы қолдап, жанкүйер болды. Америкадағы қазақтар дауыс беруін сұрап, желіде флешмоб ұйымдастырды. Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Данэлия Төлешованы қолдап, желіде дауыс беруді сұрап пост жазды. Еске салсақ, финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы - әр түрлі жастағы вокалистер. America Got Talent-тің бас жүлдесі - миллион доллар. Бұл жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетіліп келеді. 

 

Қарақат Башанова 

Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 байқауында екінші орын алды. 12 жастағы әнші марқұм әкесіне арнаған "Мәңгілік" әнін орындады. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты байқау онлайн режимде өтті. Байқау нәтижелеріне сүйенсек, биылғы жеңіс Франция өкілі Валентинаға бұйырды. Дауыс беру нәтижесі бойынша француз қыз 200 балл жинады. Қарақат 152 балл еншілеп, өнерлі өрен халықаралық ән байқауында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әкесіне арнаған арнауы әсерлі болғаны сонша, жас өнерпаздың өзі сахнада көзіне жас алып қалды. Өкінішке орай, Қарақатқа сәл ғана сәттілік жетіспей отандасымыз екініші орын иеленді.

Биыл бұл байқауға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз барлық қатысушы елдің дауыс беруі арқылы анықталды. Қазақстан халықаралық жобаға осымен екінші рет қатысып отыр. Еске салсақ, былтыр Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Ержан Максим поляк қызынан қалып қойған еді. 

 Студент терезеден құлаған 3 жасар баланы ұстап алды

Қостанай облысыда студент Темірлан Әбдіғалиев терезеден құлаған баланы аман алып қалды. Оқиға 4 сәуір күні болған. Сол күні үйінде болған Темірлан Әбдіғалиев қарама-қарсы үйдің үшінші қабатындағы ашық терезеден 3 жасар бала көріп, бей-жай отыра алмаған. 

Темірлан еш ойланбастан көшеге шығып, баланың үйіне қарай жүгірді. Бала ән айтып тұрып, қолын босатқанда, құлап кетті. Жігіт баланың аяғынан ұстап үлгерді. Баланың бір аяғы жерге тиген, алайда ешқандай жарақат алмаған. Бақытымызға орай, бәрі жақсы аяқталды. 

"Мен үйде шәй ішіп отырдым, кенеттен көрші үйдің терезесінде тұрған кішкентай баланы көрдім. Мен тез арада күртемді киіп, сол жерге жүгірдім. Үйге жақындағанда, қорқып тұрған баланы көрдім. Содан кейін ол төмен қарай құлап кетті", - дейді Темірлан. 

Ұлының осындай ерлігі үшін Темірланның анасы облыстық полиция департаментінде марапатталды. 

Ерлан Байбазаров 

Биылғы жылдың ең жағымды жаңалықтарының бірі көпшіліктің көкейінде керемет талантымен есте қалған алматылық таксист-жігіттің "Голос Украины" жобасына қатысып, суперфиналға дейін көтерілуі. Отызында орда бұзған Ерлан Байбазаров  еліміздің намысын  жоғары деңгейде қорғап шықты. Ұлттық домбырамен өнер көрсеткен ол қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп, өзгелерден ерекшеленіп бірден көзге түсті.

Ол Потап және Настя Каменскийден жоба барысында дәріс алып, Youtube желісінде бірнеше миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Қазақстандық азаматтың бірегей талантын байқаған шетелдік жұлдыздар Потап пен Настя ол туралы өте жағымды пікірде. 

"Ерлан өзінің бірегей талантымен музыка әлеміндегі барлық канондар мен стереотиптерді бұзуға қауқарлы. Оның дауысы өзі сияқты жарқын және ерекше. Оны байқамау және бір естігеннен кейін ұмыту мүмкін емес", - дейді Настя. 

Ерланның сөзіне сенсек, мұндай ауқымды ән байқауына бірінше рет қатысуы екен. Әнші таксист екенін жасырмайды. Бірінші қойлымынан кейін қазылар алқасындағы танымал әнші Тина Кароль таксист болуын тоқтатып, әншілікпен түбегейлі айналысу керек деп кеңес берді. Сондай-ақ Украиналық танымал бағдарламаға Қазақстан атынан талатты әнші Индира Еділбаева да қатысып, суперфиналға дейін өнер көрсетті. 

полиция

Бақытжан Бәкіров

Алматылық 36 жастағы полиция қызметкері Бақытжан Бәкіров педофилді ұстау үшін 13 қабаттан секіріп кетті. Ол қарақшылық шабуыл жасап, кәмелетке толмаған адамды зорлаған 31 жастағы күдіктіні ұстады. Осы ерлігі үшін полиция департаменті арнайы медаль тақты. 

Қылмыс 11 шілдеде жеке сектор аумағында болған. Белгісіз біреу төрт жасар бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған үйлердің біріне кірген. Полиция мәліметтері бойынша, ер адам 17 мың долларды ұрлап, қызды зорлаған.

Полиция қызметкерлері ер адамның қайда жасырынып, жоспар әзірлегенін анықтады. Полиция майоры Бақытжан Бәкіров пәтерге сантехник ретінде кірген. 

"Мен және әріптесім Мейір Несіпбай жалданған пәтер иесімен бірге 13-ші қабатқа көтерілдік. Оның қосалқы кілттері болды. Әйел оны шақырып, құбыр ағып жатқанын айтты, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сантехниктер келді деді. Ол дәлізге шықты, мен оған қарай ұмтылдым. Ол бөлмелердің біріне жүгіріп барып, ашық тұрған терезеден секіріп кетті. Бұл секундтарда әдетте ештеңе ойламайсың, ең бастысы - қуып жету. Сондықтан мен оның артынан секірдім", - деді Бәкіров.

Кейіннен бұл ерлігі үшін президент Тоқаев арнайы құттықтау жіберді. 

Иманбек Зейкенов 

Еліміз үшін ең жағымды жаңалықтардың бірі - 20 жастағы қазақстандық Иманбек Зейкеновтің  Roses (SAINt JHN) композициясы үшін "Грэмми" сыйлығына ұсынылды. 

Көпшіліктің көңілінен шыққан ремикс 117 млн рет тыңдалған. Иманбектің туындысы әннің түпнұсқасынан 60 миллионға артық қаралған екен. 

Ең қызығы, "Грэмми" сыйлығына ұсынылған ремиксті жас талант небәрі 2 сағаттың ішінде жазып шыққан. Бүгінде оның 50-ге жуық туындысы бар.

Иманбектің мұндай жетістігіне шетелдік БАҚ-тар қызығушылық танытып отыр. Ресейлік танымал шоу "Вечерний Ургант" бағдарламасы жерлесімізді сұхбатқа шақырды. Сұхбат барысында Иманбек "Грэмми" сыйлығын жеңіп алатынына сенім білдірді. 

Марапатты табыстау рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарында Лос-Анджелестің Стейплс-орталығында өтеді. Айта кету керек, Иманбек - мұндай марапатқа ұсынылған алғашқы қазақстандық.

Айта кетсек, музыкалық "Грэмми" сыйлығын табыстау жыл сайын дәстүрге айналған аса беделді марапаттаулардың бірі. 

Ақтаудағы кішкентай қыздың мейірімі

Ақтауда 8-9 жастағы кішкентай қыздың қарт адамға зекет берген видеосы желіде желдей есіп, қалың көпшілікті сүйсіндірген еді. Видео 27 ақпанда 2-ші шағын аудандағы "Ақтау" қонақ үйінің жанында түсірілді.

Роликтен кішкентай қыздың қайыр сұраған ер адамға жақындап, әмиянынан ақша алып, содан кейін адамға жақындап барып қолына ақша бергені түсіп қалған. 

Кішкентай оқушының бұл мейріімід ісі желі қолданушыларын сүйсіндірді. Ондағылардың бәрі осындай жақсы тәрбие берген ата-анасына алғыстарын айтты.

Геннадий Головкин 

Осы жылдың ең жағымды жаңалықтарының бірі әлемге танымал боксшы, ел мақтанышы Геннадий Головкин польшалық қарсыласы Камил Шереметаны жеңді. Бұл - Геннадийдің 21-нші жеңісі.

АҚШ-тың Флорида штатында өткен жекпе-жек нәтижесінде Головкин уақытынан бұрын жеңіске жетті. Польшалық боксшы жекпе-жекті одан әрі жалғастырудан бас тартты. Төрешілер жекпе-жекті 7 раундтан кейін тоқтатуға шешім қабылдады.

Жекпе-жек барысында Головкин қарсыласын 4 рет нокдаунға жіберді. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин 14 ай бойы рингке шыққан жоқ. GGG орта салмақтағы поляк Камил Шереметаға қарсы IBF және IBO титулдарын қорғады. Спортшымыздың бұл жеңісімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, "еліміз өзіңмен мақтанады" деп жылы лебізін білдірді. 

 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Желтоқсан, 2020 12:07
Талқылау