Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пранк деп ойладым": Imanbek Урганттың "Грэмми" туралы сұрақтарына жауап берді

Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми"(Grammy) сыйлығына ұсынылған Иманбек Зейкенов (Imanbek) танымал ресейлік "Вечерний Ургант" бағдарламасына сұқбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы музыкант Иманбек "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол бағдарламаға берген сұқбатында қуанышты хабарды қалай естігенін айтып берді.

"Бір тәулік алдын естідім. Күні бойы жұмыстарыммен жүрдім. Кейін тікелей эфирге шықтым, сол кезде тыңдармандар "Грэммиге" ұсынылғанымды айтты. Алғашқыда пранк шығар деп ойладым. Бірақ кейін барлығы айта бастады. Тікелей эфирде аяқтаған соң өзім іздедім. Шок болдым", - деді Иманбек Зейкенов.

Иван Ургант қазақстандық диджейден кімді қарсылас санайтынын сұрады.

"Осы саладан хабары бар жігіттермен сөйлескенде, сыйлық 100 пайыз менікі екенін айтты. Басқа үміткерлердің, тректердігі мүмкіндігі аз екен. Өзім де тыңдадым, солай сияқты", - деді ол.

"Вечерний Ургант" жүргізушісі Иманбекті алдын ала "Грэмми" сыйлығын жеңіп алғанымен құттықтады. 

Сонымен қатар Иван Ургант ресейлік әнші Леонид Агутиннің "Грэмми" сыйлығына арналған альбомының номинациясы туралы әзілдеді. Агутиннің "La Vida Cosmopolita" атты альбомы бес номинация бойынша Грэмми сыйлығының лонг-тізіміне енген. Сондықтан, Ургант Imanbek-тен ресейлік әншіге көмектесуін сұрады.

"Хабарлассын, іс бітеді", - деп әзілдеді Иманбек Зейкенов.

Еске салайық, Иманбек SAINt JHN-дің "Roses" ремиксімен танымал болған. Оның нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған. 

Жақында музыканттың Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми"(Grammy) сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды.

Танымалдыққа дейін Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған. 

Талқылау