Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріміз дауыс берейік": Головкин Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Американың Got Talent шоуында өнер көрсеткен жас орындаушы Данэлия Төлешованы қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 жастағы қазақстандық Данэлия Төлешова America's Got Talent танымал шоуының 15-маусымының финалында өнер көрсетті.

«Қандай талантты Данэлия Төлешова! Біз сіздермен мақтанамыз! Дауыс беру арқылы оны қолдайық», - деп жазды боксшы өзінің Твиттерінде.

Данэлия Головкинге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

«Геннадий, қолдауыңыз үшін көп рахмет», - деп жауап берді әнші.

Шоудың 15-маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC тікелей эфирінде өтті.

Төлешова австралиялық әнші Сианың «Alive» әнін орындады. Енді, жобаның алдыңғы екі кезеңіндегідей, финалистерге дауыс беру 24 сағат ішінде өтеді. Нәтижесі ертең белгілі болады.

Талқылау