Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында жеңіске жете алмады

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының ақтық сынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылғы America's Got Talent шоуының жеңімпазы Брендан Лик болды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by America's Got Talent - AGT (@agt) on

Дауыс беру нәтижелері America's Got Talent-тің ресми парақшасында пайда болды.

Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова Лос-Анджелесте өткен America ' s Got Talent танымал америкалық шоуының финалында өнер көрсеткен еді.

Шоудың 15-ші маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтті. Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың "Аlive" әнін орындады.

Жалпы, финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер.

Айта кетейік, телевизиялық жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетіліп келеді, әншілер, бишілер, сиқыршылар, комедияшылар және барлық жастағы дарынды адамдар талант шоуында өнер көрсете алады. America Got Talent-тің бас жүлдесі - миллион доллар.

Талқылау