Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында екінші орын алды

Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 байқауында екінші орын алды. 12 жастағы әнші марқұм әкесіне арнаған "Мәңгілік" әнін орындады.

Қарақат

Жарысты ұйымдастырушылардың ресми сайтына сүйенсек, биылғы жеңіс Франция өкілі Валентинаға бұйырды. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша француз қыз 200 балл жинады. Қарақат 152 балл еншілеп, ол Junior Eurovision-2020-да екінші орын алды. Үздік үштікті испаниялық Солеа аяқтады (133 ұпай).

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты байқау онлайн режимде өтті.

"Менің ойымша, бұл - бүкіл Қазақстанның жеңісі. Барлығыңызға қолдау көрсетіп, дауыс бергендеріңіз үшін рахмет! Алда бізді әлі көптеген жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр", - деді жас өнерпаз. 

Айта кетейік, Қазақстан Junior Eurovision байқауынан осымен екінші жыл қатарынан екінші орын иеленді. Былтыр Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Ержан Максим поляк қызынан қалып қойған еді.

 

 

Талқылау