20-ға жуық мектеп оқушысы бір мезетте есінен танды
Чехияның Соколов қаласындағы орта мектептің он тоғыз оқушысы жұма күні таңертең сабақтың басында бірінен соң бірі есінен танып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, алдымен екі оқушы есін жоғалтқан. Содан кейін олардың саны 19-ға жетті.
Мектепке сегіз жедел жәрдем бригадасы, полиция және өрт сөндірушілер келді.
Орын алған оқиғаға қатысты екі нұсқа бар. Бірі – газдан иістенген немесе тамақтан уланған болуы мүмкін. Қала билігінің айтуынша, газдың шығу әлі анықталған жоқ.
Қазігі таңда оқушылар естерін жиды. Олардың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Мектептің барлық қызметкерлерінің жағдайы жақсы екендігі атап өтілді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды