Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрбір дәрігерге 2 миллион теңгеден беру керек": Қазақстандық медқызметкерлер сақтандыру төлемдерін алуға ниетті деп күдіктелді

Режиссер Ербол Жұмағұл Қазақстандағы барлық дәрігерлерге коронавирус жұқтырған, жұқтырмағанына қарамай, 2 миллион теңгеден таратуды ұсынды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

врач

Оның айтуынша, жақында енгізілген ынталандыру мен сақтандыру жүйесі медқызметкерлер арасындағы Covid-19 жұқтыру жағдайын өсіруі мүмкін. 

"Егер дәрігер коронавирус жұқтырса, мемлекет оған 2 миллион теңге төлейді. Яғни, мемлекет дәрігерге сау болғанға қарағанда, науқас болу пайдалырақ  болатындай жағдай жасайды. «2 миллионға кім басын қатерге тігеді?» деген сияқты сұрақтар да негізсіз. Біріншіден, бұдан аз сомаға да тәуекелге барып жатыр. Екіншіден, «Бәке, мені ауырып қалды деп жаза сал, міне саған 500 мың»", - деп айтатындар табылмайтынына кім кепіл?!, - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Ол қалалық аурухананың бас дәрігері ұжымды науқастардан "ақша соруға" айдақтайтын желіні шулатқан видеоны мысалға келтіреді.

"Егер сіз біздің барлық дәрігер күнәсіз деп санасаңыз, онда біз сізбен әр түрлі Қазақстанда тұрамыз... Дәрігерлер бетпе-бет келіп жатқан кедейшілік мәселесі бір бөлек, кейбірі пайдакүнем болып кеткен. Мен қазір нағыз дәрігерлерді айтып жатқаным жоқ, пайдакүнемдер жайлы айтып отырмын", - дейді Жұмағұл.

Жақында денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева арнайы тексеруден өткен медицина қызметкерлері ғана жоғарылатылған жалақы ала алатынын айтқан болатын.

Вице-министрдің сөзінше, егер медицина қызметкерлері вирус жұқтырса, алгоритм негізінде шаралар жүзеге асырылады. COVID-19-жұқтыру туралы ақпарат беріледі, байланысқан адамдары, әріптестері мен науқастары анықталып, тексеріледі. Кейін комиссияға тексеруге жіберіледі екен.

"Эпидемиологиялық зерттеудің нәтижелері комиссияға жіберіледі: оның құрамына еңбек инспекциясының өкілдері, жұмыс беруші жақтан өкіл, санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органдар, жұмысшы тарапынан өкіл немесе кәсіподақ ұйымы мүшесі немесе қызметкердің уәкілетті тұлғасы", - деді Ләззат Ақтаева.

Ал медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық белсенді, дәрігер Қайырғали Конеев комиссияны Денсаулық сақтау министрлігі өткізетін болса, айқындық туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес екенін айтады.

"Көп жағдайда денсаулық сақтау министрлігі қос стандартты саясатты ұстануға тырысып жатқанын көріп отырмыз, дегенмен мұндай жағдайда жемқорлықтың орын алу мүмкіндігі жоғары екені анық. Егер комиссияны ДСМ өткізетін болса, айқындық (ашықтық) туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес.

Қазір әріптестерімізде теріс нәтиже туралы күдік басым, алайда олар клиникалық тұрғыдан коронавирустық инфекцияға сенімді. Мұның не үшін жасалып жатқанын өзіңіз де түсінетін шығарсыз.

Ұлттық сараптама орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне бағынады. Демек ДСМ-нің бұл зертханаға әкімшілік тетігі (тұтқасы) бар ", - дейді Қайырғали Конеев.

Айта кетейік, үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер 2 миллион теңгені, қайтыс болған жағдайда - 10 миллион теңгені құрайды.

 

 

Талқылау