Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 миллиард 100 миллион теңге": Актриса Дариға Бадықованың фильмі рекорд орнатты

Танымал актриса, әншілігімен де ел ықыласына бөленіп жүрген Дариға Бадықованың “Таптым-ау сені” фильмі рекорд жаңартты. Жарыққа шыққанына 10 күн болған туынды еліміздегі ең ірі касса жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Таптым-ау сені" романтикалық комедиясының кинотеатрлардан көрсетіле бастаған небәрі 10 күн ішінде миллиард теңгеден астам табыс түскен.
Фильмнің кассалық түсімі (1.12.2023-10.12.2023 жылдар аралығында) 1 100 000 000 теңге болған. Kinopark-Kinoplexx Theatres ірі кинотеатры өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш отандық прокат үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазақстандық фильм осындай қысқа күн ішінде ауқымды кассаға ие болған.
"Әдетте, фильмнің бюджеті қомақты болса немесе шетелде түсірілсе әрі премьерасы сәтті күнге жоспарланса ғана миллиардқа кеңелту мүмкіндігі жоғары деген ортамызда таптауырын пікір бар. Дариға Бадықова аталған факторлардың ешқайсысы фильмнің прокатына еш әсер етпейтінін дәлелдеп берді. Толықтай Қазақстанда түсірілген, бюджеті өте қарапайым "Таптым-ау сені" ромкомы 1 желтоқсанда прокатқа шығып, қысқа мерзімде миллиард теңгеден астам касса жинады. Әрине, киноны түсірушілер табысқа жетудің өзіндік формуласын тапқан",  – дейді Kinopark-Kinoplexx театрларының өкілдері. 

Сондай-ақ, фильмнің саундтрегі 15 милиион көрілім жинап, бірінші орынға шықты. 

Еске салайық, актриса фильміне әнін бермеген Қазыбек Құрайышқа ренжігенін жазған болатынбыз.  

Талқылау