17 жыл: Мейрамбек Бесбаев жұбайымен отасқан күнін тойлады (видео)
Мейрамбек Бесбаев жары Мархаббатпен отасқан күнін тойлады. Олардың некелескеніне 17 жыл толған, деп хабарлайды Stan.kz.

Қос ғашық некелескен күндеріне орай жақын достарының басын қосып, мейрамханада атап өтті. Той "дәстүріне" айналған тәтті тортты ортаға алдырып, үйленген күндерін еске алды.
"Тортты бірге кесіп, үйленген күнді еске алайық", – деп күлді Мейрамбек.
Желі оқырмандары Бесбаевтар жанұясын жарыса құттықтауда.
Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев 2004 жылы үйленген. Жары Мархаббат әншіден он жасқа кіші. Екеуінің Кәусар атты қызы мен Әбухайыр есімді ұлы өсіп келеді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"