100-ден астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар толтырылған рюкзактар тапсырылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында цифрлық логистикалық компания Jana Post балаларды мектепке дайындауға қолдау көрсетуді жөн көрді. Қайырымдылық акциясы аясында мектепке қажетті барлық оқу құралдары салынған 100 рюкзак дайындалды. Олар көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға табысталды.
Мұндай көмек отбасылардың қаржылық жүктемесін азайтып, ата-аналардың негізгі мектеп құралдарын өз қаражатына сатып алу шығындарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
"Бүгін біз рюкзак алдық. Ұлым оны бірден ашып, ішіндегі заттардың бәрін қарап шықты. Дәптерлер, сурет салуға және еңбек сабағына қажетті құралдар, дәптер мен кітап мұқабалары, есеп таяқшалары, кітап қоятын тұғыр, тіпті спорт киіміне арналған сөмке де бар. Қазір мен жұмыс істемеймін, сондықтан осындай сыйлық үшін Jana Post компаниясының басшылығына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл мектепке дайындыққа кететін шығынымызды айтарлықтай азайтты", – деді оқушылардың бірінің анасы Әлия Жанаева.
Бұдан бөлек, тағы 15 оқушыға мектепке қажетті киім мен аяқ киімнің толық жиынтығы берілді. Олардың қатарында костюмдер, жейделер, классикалық және спорттық аяқ киімдер, сондай-ақ дене шынықтыру сабағына арналған киімдер бар.
Биыл 2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, еліміздегі мектептерде 4,1 миллион бала білім алады. Оның 227 мыңы соңғы сыныптарға көшсе, 380 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бірінші сыныпқа бару – әр бала үшін дербестікке бастайтын маңызды қадам.
"Барша балаларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Жаңа оқу жылы оқушыларға білім, қызықты жаңалықтар мен өз күшіне деген сенім сыйласын. Балаларға оқуда табыс, ата-аналары мен ұстаздарының қолдауын және жан-жақты дамуына мол мүмкіндік тілейміз. Бұл көмек балалардың бар назарын білім алуға аударып, мектепке көтеріңкі көңіл күймен баруына септігін тигізеді деп сенеміз. Ал алған білімі олардың жарқын болашағының берік негізіне айналсын", – деді Jana Post компаниясының CEO-сы Бақытжан Токай.
Экстремизм мен терроризм үшін 14 жастағы азамат жауапкершілікке тартылады: Жат ағымның қаупі мен салдары
Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың басым көпшілгі халықаралық сипатқа ие
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады