Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігінің басшылығына келді

Ләззат Танысбай
Фото: Қазақстан

Танымал тележурналист және медиа-менеджер Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі “Хабардың” жаңа төрағасын таныстырды.

"Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ләззат Танысбайдың теледидар саласында 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Жылдар бойы ол "Астана" телеарнасын, "НҰР-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" АҚ және "Еуразия" телеарнасын басқарды, сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігінде жұмыс істеді. Оның жинақталған кәсіби және басқарушылық тәжірибесі "Хабар" агенттігі" АҚ-ны одан әрі жетілдіру, оның негізгі қызметін үнемі жаңғырту және 24KZ-дің елдің жетекші қоғамдық-саяси телеарнасы ретіндегі рөлін арттыру үшін пайдаланылады", – делінген мәлімдемеде.

Агенттікке бұрын басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылғаны атап өтілді.

 

Қырмызы Скендір
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 11:54