Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, 30 м/с-тан асатын жел соғады
Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт құбылады. Кей өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, қатты жел соғады, үсік пен тұман күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, тұман түседі.
Жетісу облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Бірқатар өңірде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі. Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады.
"Пасханы да, Ораза айтты да тойлаймыз": Екі түрлі дінді ұстанатын отбасы діни сыйластық туралы айтты
Бүгінде екі жасар қызын екі мәдениетпен де таныстырып тәрбиелеп отыр
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
