Журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісін бас прокуратура қайта тексеретін болды
Журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісін бас прокуратура қайта тексереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Бұл туралы кинорежиссер Еркін Рақышев хабарлады.
"Думан Мұхамедкәрімнің ісі бойынша бас прокуратураның басшылығымен оның әкесі Алмас ағамен кездестік. Думанның жеті жылға негізсіз сотталғаны туралы нақты деректер ұсындық. Бас бақылаушы органның басшылығы бұл іс бойынша жан-жақты тексеру жүргізуге уәде берді", – деп жазды Рақышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілініп, маусымның соңында қамалған. Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналист ісінің саясиланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге