Иранның жоғарғы көшбасшысы Ресейге емделуге барған жоқ – Тегеран

Иранның Мәскеудегі елшісі Қазем Жалали жаңа Жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеи Ресейде ем алып жатыр деген ақпаратты "психологиялық соғыс" деп атап, бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, бұған дейін Кувейттің Al-Jarida газеті 56 жастағы Моджтаба Хаменеи демалыс күндері жарақат алып, ем алу үшін Мәскеуге жеткізілді деп жазған. Алайда Кремль бұл мәліметке қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
"Жоғарғы көшбасшыны емдеу үшін Ресейге жеткізілді деген бүгінгі ақпарат жаңа психологиялық соғыстың бір көрінісі. Иран басшыларына қашып, жасырынудың қажеті жоқ, олардың орны халықтың арасында", – деп келтіреді ТАСС.
Айта кетейік, Моджтаба Хаменеи 8 наурызда тағайындалғаннан бері көпшілік алдына шықпаған. Оның 12 наурыздағы халыққа алғашқы үндеуін Иран мемлекеттік телеарнасының дикторы оқып берген.
Жексенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Моджтаба Хаменеи "дені сау" екенін және "жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын" мәлімдеді.
- Ислам әлемі неге Иранды АҚШ пен Израильге қарсы соғысында қолдамай отыр
-
Зеленский Тегеранның Украинаға жасаған ескертуіне жауап берді
Еске салайық, бұға дейін Кувейттің Al Jarida басылымы Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланып, ем алу үшін жасырын түрде Мәскеуге жеткізілгенін хабарлаған еді. Алайда Иран билігі бұл ақпаратты ресми түрде растамады, ал елдің сыртқы істер министрлігі оның жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған