Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып өлтірді
Жетісудағы Сарыөзек ауылында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көрнекі сурет
Факт Сарыөзек ауылында тіркелді. 18 қыркүйекте аудандық полицияға бүлдіршін өлімі туралы ақпарат келіп түсті. Екі жасар қызды үйдің ауласында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан DAF жүк көлігі кездейсоқ қағып кеткен. Кербұлақ ауданының полицейлері тексеруді бастады.
Тергеу ҚР ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша жүргізілуде.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ