БҚО-да жасөспірім қызды пойыз қағып кетті
БҚО-да қайғылы жағдай. 8 қыркүйек күні жасөспірім қызды пойыз қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Желаево – Орал теміржол өткелінің 1296-шы шақырымында болған.
Орал полициясының хабарлауынша, 2007 жылы туған қыз белгіленбеген жерден өтіп, оны Қарашаған жұмысшыларына арналған жолаушылар пойызы қағып кетті.
"Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 2-бөлімі (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша тергеу басталды", – деп хабарлады полиция.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”