Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда оқушы көлік қаққаннан кейін жоғалып кетті

Атырауда қаланың қақ ортасында жоғары жылдамдықпен келе жатқан “ГАЗель” көлігі мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Алайда оқушы орнынан тұрып, өзі туралы ешқандай ақпарат айтпастан, үйіне кетіп қалған. Тіпті ауруханаға да бармаған. Оны полиция қызметкерлері таба алмай жатыр.

“Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенше жедел жәрдем қызметкерлеріне тексеріліп жатырған жәбірленуші өзінің аты-жөнін айтпастан және ауруханаға бармастан оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта оқиға орны сызылып, көлік тұраққа қойылып, жәбірленуші туралы мәліметтер болмауына байланысты анықтау мақсатында тиісті іс-құжаттар жинақталуда”, — дейді облыстық полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет.

Жазбадан баланың қатты соққы алғанын байқауға болады. Жол апаты болғанына қарамастан, басқа жаяу жүргіншілердің жолдан бейжай өткендері әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Талқылау