Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жауынгер мен қыз: Қазнетті шулатқан қаһармандар Нұр-Сұлтанда кездесті

Елордада Ұлттық гвардия жауынгері сайлау күнгі митингте өзіне гүл сыйлаған кішкентай қызбен кездесті. Жауынгер Шәміл Хасанов қызға қуыршақ пен тәтті шоколад сыйлады. Бұл кездесу туралы кішкентай қыздың анасы, журналист Саяжан Досжанова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жауынгер мен қыз: Қазнетті шулатқан қаһармандар Нұр-Сұлтанда кездесті

"Шәміл бізді сыйлықтармен қарсы алды: қызыма шоколад пен қуыршақты, ал маған раушан гүлін сыйлады. Раушан гүлдері де қызыма арналған екенін білсем де, оның анасы ретінде оны өзіме алдым. Хасановтың қызметтестері кішкентай қызым үшін гитарада  ән шырқады. Керемет болды! Рахмет, жігіттер!"- деп жазды Досжанова Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар, қыздың анасы Шамильдің ата-анасына "ашық, ержүрек, қарапайым, мейірімді адам" тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Досжанова ерекше сезімде екенін және қуанышыты екенін жасыра ламады.                                                                                 

"Ол Айришканы (менің қызым - Айрин) құшақтап, биледі. Олар,тіпті, бір бірін сүйіп те үлгерді. PS. Қыздар, Шәміл ас әзірлей алады! Мұндай жігітті жіберіп алмаңыздар!"- деп толықтырды журналист.     

Астанада рұқсат етілмеген митинг кезінде сарбазға гүл сыйлап тұрған кішкентай қыздың суреті Қазнетте тарап кеткен еді.  Досжанова сайлауға өз таңдауын жасауға барғанда қызы екеуі наразылық болып жатқан жерде кездейсоқ болып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс сайлау кезінде Алматы және Нұр-сұлтан көшелеріне жүздеген наразылық білдірушілер шыққан еді. Екі қалада рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін мыңдаған адам ұсталды. 13 маусымдағы жағдай бойынша арнайы қабылдау орындарында 180 адам қалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездейсоқ наразылық орын алған адамдарды босату туралы тапсырма берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр