Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Бейбітшілік және келісім сарайы" мен "Бәйтерек" монументі жабылды

Астанада мәслихат отырысында "Бәйтерек" монументі мен Бейбітшілік және келісім сарайы жұртшылық үшін жабылғаны жария етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: astana.citypass.kz

"Astana Venue Management" бас директоры Мәлік Хасеновтың айтуынша, нысандар уақытша жөндеуден өтіп жатыр.

"Маңызды халықаралық іс-шараларға дайындық мақсатында нысандар қалыпты жағдайда ұсталып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Қазір 25 сәуірден бастап "Бейбітшілік және келісім сарайы" мен "Бәйтерек" монументіне жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Себебі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне орай аяқталып, президент әкімшілігінің тізімі бойынша бұл нысандарға саммит делегациясының мүшелері келуге тиіс. Сондықтан біз 1 маусымға дейін барлық жөндеу жұмысын аяқтауымыз керек" – деді Хасенов.



Айта кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін 27 наурыз күні Ақтөбе әуежайы су тасқынына байланысты жабылғаны туралы жазған едік.

Талқылау