Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әуежайы су тасқынына байланысты жабылды

Ақтөбе әуежайы су тасқынына байланысты жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актобе аэропорт

Фото: Ақтөбе Таймс

Бұл туралы "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев мәлімдеді.

“Ақтөбе әуежайының аумағын еріген су басуына байланысты әуежай сағат 06.30-дан 17.00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды”, – делінген хабарламада.

Әуежай жабылған кезде мына рейстер кешіктірілгені хабарланды:

SCAT/DV496/ Ыстамбұл - Ақтөбе;

SCAT/DV1722/ Ақтөбе - Астана;

FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы - Ақтөбе;

FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе - Алматы;

QAZAQ AIR/IQ399/ Астана - Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе - Атырау;



QAZAQ AIR/IQ396 Атырау - Ақтөбе;

QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе - Астана;

AIR ASTANA/KC863/ Алматы - Ақтөбе;

AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;

SCAT/DV5263/ Шарм – Эш – Шейх – Ақтөбе;

SCAT/DV5264/ Ақтөбе - Шарм – Эш – Шейх;

SCAT/DV721/ Астана - Ақтөбе;

SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.

Бұған дейін Ақтөбе облысын су басқаны хабарланған. Тасқынға көрші өңірден көмекке келіп жатқаны жазылған.

Талқылау