Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді көбіне Ауғанстан, Пәкістанмен салыстырады": Депутат Астанадағы такси мәселесін сынға алды

Астана қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев елорда әуежайындағы такси мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден 
"Біз бұл туралы үнемі айтамыз, қазір де айтып жатырмыз. Бірақ әзірге туризм басқармасын құрған жоқпыз. Халил Рахимұлы (Астана инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы), сізге онымен айналысу керек", – деді Владислав Сергеев.

Депутат такси қызметіне қатысты мәселеге жеке тоқталды.

"Келген турист ең алдымен кімді көреді? Жүргізушіні. Ал біздің әуежайда бардак. Осы мәселені ылғи талқылаймыз, бірақ ештеңе шешпейміз. Мен жақында ғана ұшып келдім, шынымен ештеңе өзгермеген. Маған жақындаған такси жүргізушісінің бәрі  Ресейден келді деп ойлап, біреуі циркке дейін жеті мың, ал екіншісі жиырма мың теңге сұрады.

Біздегі басты мәселе неде? Қазақстан дегендегі этимологиялық жалғауға байланысты бізді көбіне Ауғанстан, Пәкістанмен салыстырады. Келген турист ең алдымен қиындыққа тап болудан қорқады. Ал бізде туристерді қарсы алатын ең қайырымды адамдар кімдер? Такси жүргізушілері. Такси мәселесі шешілді ме? Шешілген жоқ", – деді Владислав Сергеев мәслихат комиссиясының отырысында. 

Депутат сонымен қатар қалада қонақтарды қабылдап, мәдениетімізбен таныстыратын қарапайым этноауыл жоқ екенін атап өтті.

Талқылау