"Оның түк қатысы жоқ": Бишімбаев жарыссөз кезінде Байжановты ақтады
Сот отырысындағы жарыссөзде Бишімбаев екінші сотталушы, өзінің туысы Бақытжан Байжановтың кінәсі жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бишімбаев жарыссөзде қылмысты жасырды деп айыпталып жатқан Байжановқа қатысты да ойын айтты.
"Байжановқа келсек, ол туралы әңгіме мүлдем бөлек. Оның бұл жерде түк қатысы жоқ. Ешқандай келісім, сөзбайласу болмаған, оның кінәсі жоқ. Ол шынымен де тек менің тапсырмаларымды орындады. Мен оған (Нүкеноваға) өлім қаупі төніп тұрғанын, оның жан тапсырғанын байқамадым. Мұны Байжанов та байқаған жоқ. Біздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ, оның кінәсі жоқ", – деді Бишімбаев.
Еске салсақ, бұған дейін сотта Байжановтың әйелі соттан балаларын әкесінен айырмауды сұраған еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті