"Жаным": "Барыс" құрамасының қорғаушысы Даррен Диц қазақстандық ғашығын көрсетті
"Барыс" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Instagram-да өзінің қазақстандық ғашығы Іңкәрмен бірге түскен суретін жүктеді. Пост астына "жаным" деп жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Канадалық Диц пен қазақ қызының жақын қарым-қатынасы желі оқырмандарының қызу талқысына түсті және таңғалдырды. Көбісі жас жұбайларға бақыт тіледі. Сондай-ақ тағы басқа жағымды пікірлер қалдырды.
"Керемет жұп!!!", "Жақсы жоспар, болашақта Диц тегін ойнай бастайды", "Дәурен жарайсың", — деп жазады желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Диц 2017 жылдан бері "Барыс" сапында ойнап келеді және төрт жылдан бері Нұр-сұлтан қаласында тұрады. 2019 жылы Қазақстан құрамасымен бірге А дивизионында әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”