Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екіден төрт аптаға дейін созылатын қатаң карантин енгізу: Министр еліміздегі коронавируспен күреске арналған жаңа жоспар ұсынды

Қазақстанның жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы күреске бағытталған 10 шараны ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цойдың сөзінше, бұған дейін дер кезінде атқаралыған жұмыстардың арқасында аурудың бұдан әрі өршіп кетпеген. 

"Маңызды жайттардың бірі Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда індеттен көз жұму көрсеткіші әлдеқайда төмен. Десек те тұрғындар арасында эпидемиологиялық  қауіпсіздікті ескеру, әлеуметтік қашықтықты сақтау сынды дағдылар қалыптаспаған. Ал карантин шараларын бәсеңдеткеннен кейін коронавирустың таралу деңгейі ел ішінде арта түсті", - дейді министр. 

Министрдің айтуынша, COVID-19-ға қарсы нұсқаулықтар мен әдістердің жиі өзгеруі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігін тудырған. Сол себепті азаматтар аурудың алдын алу үшін жаппай дәрі-дәрмектер сатып алмақшы болып, дәріханаларды торуылдауда. 

Цой коронавирусқа қарсы күрестің тәсілдерін өзгерту керек екенін алға тартты. 

"Министрлік тарапы қазіргі таңда орын алған ахуал - халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының күрт өсуі сараптауда. Соның салдарынан елімізде жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға үлгере алмай, ауруханаларда орын мен дәріханаларда препараттардың жетіспеушілігі байқалуда. Тұрғындар да, дәрігерлер қатты алаңдаулы, себебі пандемия аяқталуының шартты мерзімі жоқ. Алдағы уақытта халықпен ашық байланысты қаматамасыз ете отырып, бірқатар кешенді шараларды атқаруды ұсынамын", - деді Цой. 

Министр халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін мынадай бастапқы 10 шара ұсынды:

  • амбулаториялық деңгейдегі инфекцияның емделуінің түсіндіретін қарапайым әрі ұғымды нұсқаулықтар әзірлеу;
  • дәрі-дәрмектердің сатып алынуы мен тасымалдануын жылдамдату, отандық өндірушілерді қолдау;
  • компьютерлік томографиямен бірге COVID-19-ды анықтайтын сандық рентген аппараттарының қолданысын кеңейтіп, олардың қолжетімділігін арттыру;
  • тестілеуді жүргізетін зертханалардың қуаттылығын көбейту, тесттердің уақытылы келуіне жағдай жасау; 
  • шақыртулар кезінде мобильді бригадалардың тесттермен қамтамасыз етілуі;
  • үйлеріне жедел жәрдем шақыртқан науқастарды қауіпсіз түрде емдеу;
  • амбулаториялық деңгейде қашықтан кеңес беру жүйесін енгізу;
  • станционарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз ету; 
  • жерлеу талаптарын өзгерту; 
  • халық арасында эпидемиологиялық  сақтық шараларын арттыру. 

"Әлеуметтік деңгейде қоғамдық және жұмыс бейімділігін қалыптастыруға бағытталған ұжымдық жауапкершілікті арттыру, ақпараттық технологиялардың ықпалын көбейту үшін жаңа шаралар қабылданады", - деп қосты министр. 

Сөзінше, үкімет деңгейінде "COVID-19-бен бірігіп күресейік" ұстанымы аясында жүйелік түрде шаралар қолданылуы тиіс. Әкімдік пен үкімет тарапынан нақты шектеулер орнатылуы міндетті.

COVID-19-бен бірігіп күресейік" ұстанымын орындау үш сатыда жүзеге асырылады. Алғашқысы - дайындық кезеңі екі аптаға созылса, карантиндік - екі аптадан төрт аптаға дейін жетеді. Және соңғысы - толығымен осы ұстанымға көшу.

"Дайық сатысында денсаулық сақтау жүйесін орнықтыру, халық арасындағы қажетті медициналық көмекті қамтамасыз ету және дәрігерлердің жұмысын ұйымдастыру қаралады. 

Карантиндік кезеңде тұрғындар арасында жаппай індеттің таралуын тоқтату жүзеге асырылады. Осы уақытта заңнамалық бағытта жұмыстар атқаралып, халық пен кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндіру шаралары жасалады. Ал үшінші "COVID-19-бен бірігіп күресейік" ұстанымын жүзеге асыру дегеніміз ұзақ уақыт бойы шаралардың жағымды әсерін сақтап қалу. Бұған қоса бұл кезеңде коронавирус ахуалын тұрақтандыру үшін жұмыстар жүргізіледі", - дейді шенеунік.



Сондай-ақ ол қазақстандық ғалымдардың аурудың бактериялық және вирустық табиғатын зерттеп жатқанын айтып өтті. Сөзінше, бұл зерттеулер коронавирустың науқастар арасында асқынуын алдын алу үшін маңызды болмақ. Ал зерттеу нәтижелері 3 шілде күні жарияланады екен. 

Министр одан бөлек медициналық көмекті ұйымдастыруда мынада шараларды атап кетті: 

  • COVID-19-ға қарсы шараларға қосымша қаражат бөлу;
  • тарифтік саясатты қайта қарастыру;
  • дәрігерлерді қолдау;
  • коронавирус диагностикасы;

2020-2025 жылға арналған денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік бағдарламаға түзетулер енгізу. 

"Менің ойымша, бұл болжамдар коронавирустың таралуын тоқтату үшін және тиісті инфрақұрылымдық шараларды іске асыру үшін қажетті дүние", - деді Цой. 

 

Талқылау