Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұсыныс жасады": Әнші Шахизада тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты

Белгілі әнші Шахизада Байпатшановаға тұрмысқа шығуға ұсыныс түсті. Әнші жеке парақшасына жүзіктің суретін салып, бейтаныс жігіттің хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыдан екі жыл бұрын әнші тұрмысқа шыққанын сүйіншілеген болатын. Алайда ол өсек болып шықты. 

“Қайырлы кеш, жақсыларым! Осындай ұсыныс түсіп жатыр. Күйеуге шыққым келмеді. Не істесем екен деп ойланып отырмын”, – деп жазды әнші. 

Бейтаныс жігіт әншіге хат жазып, сезімі барын жеткізген. 

“Кеш жарық, Шахи! Болжаушылар келесі жылы үйленуге болмайтынын айтты. Мен саған тез арада Жаңа жылға дейін үйленгім келеді. Оның үстіне біз жас емеспіз. Сол үшін ашық сөйлесейік, маған ұнайсың”, – деп жазды ғашық жігіт. 

Әншінің оқырмандары әзілге балап күліп жатса, енді бірі “тұрмыстан жолы болмайтын әйелсің” деп сөгіп жатыр. “Отырған қыз бай таңдамайды, өлген адам жер таңдамайды” деген сөз бар, сіздің адамыңыз болса, ойланбастан, келісіміңізді беріңіз” деп қолдап жатқан оқырмандары да бар. 

Еске салайық, әнші өзінен 18 жас кіші жас әнші Ерболат Ержанбаевты күйеуім деп таныстырып, сахнада бірге дуэт орындаған болатын. Кейін ол сөзі үлкен дауға айналып, әнші түсініктеме берген болатын.  

“Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат – жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті. Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған да, соққан да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік", – деп ақталды Шахизада. 

Талқылау