Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді
Фото: elbasy.kz
Ел президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ұлттық госпиталі Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның ауруханада емделіп жатқанын растады.
"Барлық медициналық процедуралар бекітілген медициналық көмек стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады. Аурухана пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістеріне және нәтижелеріне қатысты басқа ақпаратты, медициналық құпияны негізге ала отырып, жария етпейді. Ақпаратты жасыру туралы шешім науқастың жеке өміріне заңды құқықтарын қамтамасыз ету, оның жеке өмірін құрметтеу және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғау мақсатында қабылданды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Сара Назарбаеваның Ұлттық госпитальде ауыр халде жатқаны хабарланған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды