“Аталған факт Сәтпаев қаласының полиция бөліміне тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды тергеп, балабақша қызметкерлерінен, ата-аналардан және куәлардан ақпарат жинап жатырмыз. Бала қауіпсіздігіне қатысты барлық жағдай мұқият тексеріліп жатыр”, – дейді Ұлытау облыстық полиция депратментініең ресми өкілі Аңсаған Тоқбергенов.
Ұлытау облысында балабақшада балалар 3 жасар қызды жабылып ұрып-соққан

Ұлытау облысының тұрғыны мемлекеттік балабақшаның бірінде балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданды. Балабақшаға дереу тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнекамераға түсіп қалған жазбадан баланың бірі қызды еденге жығып, басқа балалардың оны кезекпен келіп ұрып жатқанын көруге болады. Бүлдіршіндер бір-бірлеп келіп, соғып, итеріп жатқанда 3 жасар қызды басқа балалардан тәрбиешісі арашалап қалған.
Зардап шеккен қыздың ата-анасы буллингтің жеті ай созылғанына сенімді. Ал ересектер мұны білсе де, ешқандай шара қолданбаған. Тәрбиешілердің айтуынша, мұның бәрі қыздың сабақ кезінде басқаларға жиі кедергі келтіруінен болған-мыс. Енді мемлекеттік балабақшаны білім басқармасы мен полиция тексереді.
Үлкен Алматы көліне апарар соқпақты жөндеуге 518 миллион теңге бөлінді
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"