Қостанайда ұлын балталап өлтірген әкеден қызы миллион теңге өтемақы талап етті
Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұлын балтамен ұрып өлтірген Владислав Грековтің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТоболИнфо сайтына сілтеме жасап.
Көз жұмған Василий Скиданенконың бауыры Елена Грекова жәбірленуші ретінде сотқа қатысып отыр. Ол отбасында бақытты өмір кешпегендерін мәлімдеді. Әкесі есірткімен айналысып түрмеге қамалса, анасы балаларын тастап өз бетімен кеткен. Бауыры екеуі 2000 жылдан бастап интернатта өскен.
“Біз интернатта тәрбиелендік, ал 2005 жылы әжеміз оларды ата-ана құқығынан айырды. Бізді мұғалімдер тәрбиеледі. Ата-ана жылуын көрген жоқпыз, махаббатын сезінбедік. Василий екеуміз интернаттан шыққасын адам төзгісіз күн кештік”, – дейді жәбірленуші.
Елена Грекова ағасы мен әкесінің жиі жандалдасқанын жеткізді. Тіпті олар бір-бірін өлтіретіндерін айтып та жүрген. Ақыры, әкесі ұлын өлтіріп тынған.
Бауырынан айрылған әйел түрмедегі әкесінен өтемақы ретінде 1 млн теңге талап етіп отыр. Сот әзірге шешім шығарған жоқ, іс қаралып жатыр.
Қайғылы оқиға биыл 26 маусымда болған. 30 жастағы Василий Скиданенко әкесі Владислав Грековтің жұмыс орнына барады. Ол жекеменшік кәсіпорында күзетші болып істеген. Әкелі-балалы екеуі жанжалдасып қалған. Баласы әкесіне түрлі боқтау сөздерін айтқан. Ашуға булыққан 73 жастағы Владислав Греков ұлын балтамен 11 рет ұрып өлтірген.