Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венесуэла халқы шаштарын сатып күн көріп жүр

Венесуэлада тұрмыстағы таршылық салдарынан елдегі әйелдер күнкөріс үшін шашын кесіп сатып жатыр.

Бұл туралы Мир24 арнасы хабарлайды.

Соңғы апта ішінде сұлулық салондарына кезек күрт көбейген. Бірақ, қыз-келіншектер белгілі бір процедуралар үшін емес, шаштарын сату үшін барып жүр.  Жергілікті сұлулық салондары қалың әрі табиғи шаштарды 6-20 доллар аралығындағы ақшаға сатып алып жатыр екен.

Ал Панама, Колумбия сияқты аймақтарда қалың шаштарды қымбатырақ бағамен сатып алып жатыр екен. Төрт баланың анасы Айнис Гонсалес екі рет шашын сатып, отбасына тамақ сатып алған. Мұнымен қатар, сырқаттанған аталарына дәрі сатып алу үшін 14 жастағы қыздарының да шашын сатқан екен.

Дәл қазір Венесуэланың экономикалық жағдайы өте нашар. Былтыр, тіпті, ел президенті Николас Мадуро электр энергиясын үнемдеу үшін әйелдерге шашын фенмен кептірмеуге кеңес берген еді.


Жіберіп алмаңыз:

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Жаңалық ашпақ болған жапондар 177 китті өлтіріп тастады

Талқылау