Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгертілмек: Енді азаматтардың жынысы көрсетіледі
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Ол Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.