Венецияда суға батып бара жатқан африкалықты куәгерлер қылжаққа айналдырып, кемсітті
Африкалық 22 жастағы мигрант көптеген адамдардың көз алдында Венециядағы үлкен каналдардың біріне батып кетті.

Бұл туралы Independent жазады.
Бір қызығы жергілікті тұрғындар мен туристердің ешқайсы батып бара жатқан жігітке көмектеспеген. Оның орнына оқыс оқиғаны барлығы телефонға түсіп, нәсілдік кемсітушілік мағынадағы сөздер айтыпты.
Бір видеода “Ол таза ақымақ! Өлгісі келеді. Бар үйіңе қарай жүз” деп айқайлайды.
Батып бара жатқан жігітке үш бірдей құтқару дөңгелектері жіберілген. Бірақ, ол ешбіріне де жете алмапты. Қайтыс болған жігіт Гамбиядан келген Патех Сабалли есімді жігіт екен. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша ол босқын мәртебесін 2015 жылы алған.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"