Түскі үзіліске шыққан әйел лотереядан рекордтық ұтыс ұтып алды

АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 65 жастағы Сью Стронг лотереядан 822 мың доллар (шамамен 404 миллион теңге) ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People.сom басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел ұзақ жылдар бойы Club Keno лотереясына тұрақты қатысып келген. Кезекті билетті ол түскі үзіліске шыққанда сатып алған. Сол кезде пицца алып, үстелге отырып тамақтанып отырған сәтінде ұтысқа ие болғанын білген.
Бұл ұтыс Club Keno ойынындағы рекордтық жүлде саналады. Бұған дейінгі ең ірі ұтыс 2025 жылдың наурызында ойнатылған 677 мың доллар (шамамен 333 миллион теңге) болған.
"Қатты таңғалдым. Өте толқытатын сәт болды. Сол күннен бері дұрыс ұйықтай да алмадым", – деді Сью Стронг.
Ол ұтыстың бір бөлігін отбасымен бөлісіп, бір бөлігін бұрынғы қарыздарын өтеуге жұмсамақ. Ал қалған қаржыны жинақ ретінде сақтауды жоспарлап отыр.
- Тарихтағы ең ірі ұтыстардың бірі: Америкалық лотереядан 1,8 миллиард доллар жеңіп алды
- Қазақстанда онлайн казиномен 3,1 миллиард теңге табыс тапқан: Ұйымдастырушысы Грузияда ұсталды
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ерлі-зайыпты Дильноза Исраилова мен Алишерыхожа Исраилов Аустралияның Сидней қаласындағы Crown Casino Sydney ойынханасында жасырын камера мен құлаққап арқылы карта ойынында заңсыз тәсіл қолданып, 1,18 миллион доллардан астам қаржы ұтып алды деген күдікке ілінді. Полиция оларды ұстап, іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты