Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жүктіліктің жетінші айында болған екі баланың анасы өз үйінің ауласында асылып қалған

Түркістан облысының полицейлері Келес ауданы тұрғынының өліміне қатысты тергеу бастады. Полиция департаментінің мәліметінше, екі баланың анасының асылып қалғаны туралы 16 шілдеде белгілі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

асылып қалған

"Келес ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі өз ауласында асылып қалған жас әйелдің өлімі туралы хабарлады. Ақпаратты алған соң оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды", – делінген Түркістан облысы полиция департаментіндегілер. 

Жүкті әйелдің өзіне не себепті қол салғанын полиция нақты айтпаған. Ал журналист әрі блогер Гүлмира Әбіқайдың сөзінше, әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.  

"Тағы да әйел көз жұмды. Туыстарын күтпестен жерлеп тастаған, ал туыстарына асылып қалды деп айтқан. Екі бала жетім қалды. Әйелдерін өлгенше ұру деген вирус секілді. Егер үнсіз қалса, жазадан құтылып кетеді", – деп жазды журналист. 

Гүлмира Әбіқай күйеулерінің қолынан Отырар және Жетісай аудандарында екі көпбалалы ананың ажал құшқанын қосып өтті. Келес ауданының тұрғыны небәрі 25 жаста, жүктіліктің 7-айында болған. 

Ал полиция департаментінің өкілдері әйелдің өлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі "Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу" бойынша тіркелгенін мәлімдеді. 

"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сәйкес сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәйітті қарау кезінде полицейлер зорлық-зомбылық белгілерін таппады. Бұдан бөлек, Келес аудандық полиция бөлімінің басшылығы мерт болған әйелдің туыстарымен кездесіп, жұмыстың заң аясында өтіп жатқанын, қосымша арыздар ескерілетінін хабарлады,", – деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаментінің өкілдері. 

Талқылау