Түркістан облысында жарылыс болды: Желіде видеосы тарады
Түркістан облысында жарылыс болды. Арыс қаласының тұрғындары өңірде жарылыс болғанын айтып жатыр. Олар оқыс оқиғаны видеоға түсіріп жариялауда.
Роликтің бірінде ер адам снарядтың жарылғанын естіп тұрғанын айтты. Кадр сыртында жарылыстың дыбысы естіледі.
Тұрғындардың айтуынша, олар Арыс қаласынан кетіп жатыр. Көліктегі әйел жарылысты видеоға түсіре отырып қаладан кетіп бара жатыр.
"Снаряд жарылып, ұшқындар шашырауда. Бұдан алысқа кеткеніміз жақсы", - деді ер адам.
ТЖК мәліметінше, Арыс қаласында әскери бөлімде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Өртті сөндіруге 30 адамнан құралған өрт сөндіру тобы мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды