Түркістан облысында тұрғындар егінді қан аралас сумен суаруға мәжбүр
Түркістан облысы Сайрам ауданында тұрғындар қан араласқан сумен егінді суаруға мәжбүр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Картоп алқаптарына жақын жерде мал сою пункттері бар. Сойылған малдың қаны арыққа ағады, содан кейін сумен араласып, суару жүйесіне түседі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл қауіпті. Тұрып қалған қан бактерияларға толы. Сонымен қатар жануарлар сол арықтан су ішеді. Сарапшылар экологиялық апат туралы айтады.
"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жақын арада кезектен тыс тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде қажетті шара тағайындалады", – деді Түркістан облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Қазыбай Шора.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"