Соңғы жаңалықтар

Тойында ұятты видеолары әшкереленген әлем чемпионының қалыңдығы отбасынан қашып кетті

Еркін күрестен ресейлік әлем чемпионы Заурбек Сидаковтың үйлену тойы көпшіліктің есінде біраз уақыт қалатыны анық. Той үстінде спортшы қалыңдығы Мадина түскен ашық видеоны көрді. Бойжеткен эскортта жұмыс істеді деген күдікке ілінді. Күйеу жігіт оны шашынан сүйреп, қуып шықты. Осыдан кейін қыз Мәскеуге қашып кетті: "отбасы оның ұятты қылығын кешірмеді", ал ағасы мүлде ашулы. Бұл туралы "Московский комсомолец" басылымына спортшының отбасының таныстары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қыздың ағасы ашуланғаны соншалық, ол бүкіл үйін қиратты! Мадина Мәскеуге ұшып барып, жасырынды, тіпті құрбыларымен де байланысқа шықпайды", - деді Сидаковтар отбасының таныстары.

Бұл ретте қызға үйлі-баранды бұрынғы сүйіктісі жасырынуға көмектескен-міс. Болжам бойынша, үйлену тойына видеоны жіберген сол азаматтың әйелі.

"Мадинаға өзінен жасы біршама үлкен сүйіктісі ел астанасынан пәтер жалдап берген деген сыбыс бар. Және ол қызды оқиғаның айналасындағы шу басылғанға дейін шықпауға көндірген", - деді Сидаковтар отбасының таныстары.

Мадина мен Заурбек кездейсоқ 28 сәуірде кездесті. Жігіттің қызды жақсы білуге көп уақыты болмады, ол барлық уақытта сапарларда болды. Алайда, оның қалыңдығының шынымен эскортпен айналысқанына бәрі бірдей сене бермейді, өйткені қыз ауқатты отбасынан шыққан. Үйленген адаммен, кейбір ақпарат бойынша, ол үш жыл бұрын кездесіп, сол кезде осы видеоны түсірген. 

Ал спортшы қазір бұл тақырыпты талқыламауға тырысады және жаттығуға уақыт бөледі.

"Күшті болу сіздің жалғыз таңдауыңыз болғанға дейін сіз қандай күшті екеніңізді ешқашан түсіне алмайсыз! Бұл спорт және сіздің өміріңіздің барлық қиындықтары!"- деп жазды ол жақында Инстаграмда.

"Ешкім Заурды қайта ашуландырғысы келмейді. Ол осы сәтсіз тойда бала сияқты қатты жылады ... Заур чемпион болған кезде мүлдем өзгерген жоқ, сол қарапайым, мейірімді және адал жігіт болып қала берді", - деді Сидаковтар отбасының таныстары.

Еске сала кетейік, ресейлік еркін күрес балуаны Заурбек Сидаковтың үйлену тойы отбасылық киікілжіңмен аяқталған еді. Спортшы қыздың бұрын эскорттық қызметте жұмыс істегенін білген соң қалыңдықты мереке кезінде қуып шығарды.

Кейіннен оқиға куәгері болған қонақтар жағдайдың қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр