Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен бұрын эскорттық қызмет көрсеткен: Күрес бойынша әлем чемпионы қалыңдығын тойдан қуып жіберді

Ресейлік еркін күрес балуаны Заурбек Сидаковтың үйлену тойы отбасылық киікілжіңмен аяқталды. Спортшы қыздың бұрын эскорттық қызметте жұмыс істегенін білген соң қалыңдықты мереке кезінде қуып шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мәскеу комсомолеціне" сілтеме жасай отырып.

Неке қию рәсімі бір апта бұрын Владикавказда өткен. Басында бәрі көңілді болған. Алайда содан кейін бірден бірнеше қонаққа телефон арқылы қалыңдықтың қатысуымен видео тараған. Онда қыз анайы жағдайда бейнеленген.

Осылайша, қалыңдықтың бұрынғы сүйіктісі қыздан кек алмақ болған. Видеода жігіт қыз бұрын эскортшы болып жұмыс істейтінін айтады.  Жіберілген видеолардың кадрлары желіге таралған.

Мереке бірден тоқтатылып, туыстары күйеу жігітті ақымақтық жасап қоймас үшін қалаға жіберді, ал қалыңдық масқара боп қуылған.


Қалыңдық құттықтау сөз айтқан анасын тойынан қуып жіберді 


24 жастағы Заурбек Сидаков екі дүркін әлем чемпионы, 2019 жылғы Еуропалық ойындардың чемпионы, Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы.

2018 жылы Будапештте әлем чемпионатында барлық жекпе-жектерде жеңіске жетті. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Талқылау