Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Depositphotos.com

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажет көмек көрсету туралы тапсырма берілді.



Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенінен үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Соңғы табылған кеншінің жеке басы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түскен.

Талқылау