Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тірі балықты жұтып қойған ер адам қайтыс болды

Тірі балықты жұтып қойған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coconuts Manila басылымына сілтеме жасап.

Филипіндік ер адам балық аулау кезінде тірі балықты жұтып қойып, тұншығып қайтыс болған.

Роджер Марселино есімді Филипиннің Бугасонг қаласының тұрғыны 11 жасар ұлымен балық аулауға барған. Үйінен алыс емес жердегі көлде тилапия деген тірі балықты жұтып қойып, қақалып қалған. Оқиға болған сәтте Роджердің ұлы жанында болмаған.

Роджер Марселино судан шығып, әйелінен көмек сұрауға барады. Олар ер адамның аузындағы балықты шығаа аламған. Ал құтқарушылар телефон байланысының нашар болғанына байланысты уақытында келе алмай, ауруханаға келген уақытта 49 жастағы ер азамат қайтыс болды.

Роджер Марселиноның әйелі күйеуінің аулаған балықты ауызына салатын әдеті бар екенін айтып берді. 

 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр