Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тіпті телефонын ашу мүмкін болмады”: Прокурор Бишімбаевтың тергеуге көмектеспегенін мәлімдеді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында прокурор Айжан Аймағанова сотталушының ұялы телефонының кодын ашу мүмкін болмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Jogargy_sot

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Бишімбаев сотқа дейінгі кезеңде тергеуге көмектеспеген.

"Бишімбаевтың ұялы телефоны сотқа дейінгі тергеуде қаралмағанын, себебі бұғатталғанын, ПИН-код болғанын және оны сотқа дейінгі тергеу сатысында ашу мүмкін болмағанын айтқым келеді", – деді Айжан Аймағанова.

Айта кетейік, Астанада айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бұған дейін экс-министр Бишімбаев сотта әйелінің қаза тапқан кезін баяндаған.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің "азаптау", "аса қатыгездікпен адам өлтіру" баптары бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов “қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін” айыпталған.

Талқылау