Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тазалық әрқайсымыздан басталады: Теміртау жастары экологиялық акцияға қатысты

Теміртауда “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы игі бастамалар жалғасуда. Бұл жолы қала жастары, волонтерлер мен экобелсенділер жағалау аумағына шығып, айналаны тазалап қана қоймай, экологиялық акцияны тартысты әрі тағылымды сайысқа айналдырды.

Қатысушылар “Таза ойындар” форматында тұрмыстық қалдықтарды жинап, өзара жарысты. Жиналған қоқыс түріне қарай сұрыпталды. Осылайша экологиялық бастама пайдалы іске, командалық рухқа және белсенді демалысқа ұласты.

Акцияның басты мақсаты – жағалау аумағын қоқыстан тазарту ғана емес, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарау құндылығын нығайту.

“Таза Қазақстан” – қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмейтін, табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілікті әр адамның күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейтін бастама. “Таза ойындар” акциясы арқылы жастарды бірлікке, белсенділікке және туған қаласының тазалығына өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза орта әрқайсымыздан басталады!”, – деді Jasyl El ұйымының үйлестірушісі Мирас Яуда. 

Акцияға қатысушылардың пікірінше, қаланың тазалығы тек сенбіліктер мен бір реттік экологиялық шараларға тәуелді болмауы керек. Ол әр адамның күнделікті қарапайым әрекетінен басталады: қоқыс тастамау, қалдықтарды сұрыптау, табиғи аумақтарға ұқыпты қарау және туған қаланың тазалығына бейжай қарамау.

Экологиялық бастама жастардың, волонтерлер мен белсенді тұрғындардың күш біріктірсе, туған қаланың келбетін жақсартуға болатынын көрсеткен тағы бір игі іске айналды.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2026 13:32