Таразда лауазымды полицейлер парамен ұсталды
Таразда жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен батальон командирі парамен ұсталды. Бірнеше күн бұрын болған тұтқындау жайында ресми мәлімет енді ғана айтылуда. Бұл туралы КТК аранасы хабарлады.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы өкілдерінің мәліметінше, лауазымды полицейлер қол астындағы қызметкерлерден жүйелі түрде ақша жинап келген.
Ұсталғандар 7 мыңнан 180 мың теңге аралығында ақша алып отырған. Қаңтар мен ақпан аралығында осындай алты дерек тіркелді. Ал параның жалпы соммасы 300 мың теңгені құрайды. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
Тағы оқыңыз:
Шымкентте күтушісі жалғызбасты зейнеткердің пәтерін тартып алды
Сене алар емеспін: Ресейлік әйел Оралдағы көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)
Қазақстандық әйел дүкеннен сатып алған шырынның орнына дәрет құйылғанын айтып, шағымданды
Гүлнар: "Ағам, атам, анам барлығы сусынды ішкен соң құса бастады"
Оқу ма, саяхат па? Түркістан облысының медицина ұйымдары Нью-Йоркке баруға 116,8 миллион теңге жұмсамақ
Әр келісімшарттың құны – 7,3 миллион теңге