Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны қаупі бар: Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: totalarch.com

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болу қаупі бар.

Құтқарушылар тұрғындардан аулаларынан өтетін немесе жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазалауды сұрады.

Синоптиктердің болжауынша,16 мамыр күні кешке, 17 мамыр күні түнде және күндіз қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктердің мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.

Талқылау