Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғысқа қарсы митингіге шыққан Ресейдің 38 қаласында 600 адам қамалды

Өткен жексенбі күні Ресейдің бірнеше қалаларында билік рұқсат бермесе де, халық соғысқа қарсы акциялар өткізді. Украинадағы соғысқа қарсы наразылықтар Новосибирск, Екатеринбург, Пермь, Владивосток, Мәскеу және Томск қалаларында өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

россия митинг

Cурет belsat.eu сайтынан

Мәскеуде митинг Манежная алаңында өтуі керек болған еді, бірақ ол жерде акция өткізу үшін халық жиналған жоқ. Соғысқа қарсы акцияға шыққан Ресейдің 600-ден астам адамы қамалды. Акция Ресейдің 38 қаласында өткен.

Мәскеуде акцияға шыққандарды ғана емес, акция шыққандарды қолдайтынын айтқысы келіп журналистерге жақындаған адамдарды да полиция алып кеткен.

Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптаған Иркутс, Челябинск, Екатеринбург және өзге де қалалардың ондаған адамын полиция ұстап алып кеткен.

Еске салайық, 4 наурызда Ресейде Ресей қарулы күштерінің қызметі туралы жалған ақпарат таратқаны және ресейлік әскерлердің беделін түсіргені үшін айыппұлдан бөлек 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң қабылданған болатын. Ал мұндай митингктер өткізуге шақыру мен соғысқа қарсы ұран сөздер айтқаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

Жексенбі 13 наурыз күні Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев пен Мәскеудің келіссөздер процесінде ымыраға келу ілгерілегенін айтқан. Кеңесшінің айтуынша, Мәскеу қақтығыстар туралы түсінігін өзгерткен. 

Бұған дейін БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Украинадан келген босқындар туралы жаңа деректі ұсынды. Көші-қон агенттігінің мәліметінше, 10 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 2,3 миллионнан астам адам кеткен, оның 112 мыңнан астамы – басқа елдердің азаматтары.

Талқылау