Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүз мыңнан аса адам алаңға шықты: Еуропа қалаларында Украинадағы соғысқа қарсы жаппай митингтер басталды (фото)

Еуропада бірқатар қала тұрғындары Путин бастаған Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға шақырып, митингке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 ақпанда Еуропа қалаларында Ресей Федерациясы шабуыл жасаған Украинаны қолдау  мақсатында жаппай акциялар өтті.

Берлин мен Прагадағы митингтерге сансыз адам шықты. Атап айтқанда, Берлин полициясының мәліметінше, Германия астанасында 100 мыңнан астам адам жиналып, елге қолдау білдіріп, басқыншылардың әрекеттерін айыптады.

Белсенділердің болжауынша, наразылық білдірушілердің саны 500 мыңға жеткен.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы осындай наразылық Чехия астанасы Прагада да жалғасуда.

Cондай-ақ,, Римде және Белградта Украинадағы Ресейдің арнайы операциясын қолдау митингілері өтті. Демонстранттар НАТО мен АҚШ-тың шығысындағы қақтығысты айыптады. Олар Солтүстік Атлантикалық Одақтың басқа мемлекеттердің саясатына ықпал жасау әрекеттерін айыптады.

"Одесса кәсіподақтар үйінде ондаған адам тірідей өртенген кезде саясаткерлер қайда болды? Донбассты жарып, әйелдерді зорлап, олардың балаларына қорлық көрсеткенде қайда болдыңдар”, – дейді Рен ТВ-ға Италиядағы митингке қатысушылардың бірі.

Сербияда да тұрғындар Ресейге қолдау көрсетіп алаңға шықты.

Онда автошеру өткен, оның барысында көліктер Белградтың орталық көшелерімен Ресей Федерациясының, сондай-ақ Донецк және Луганск халық республикаларының жалауларымен жүріп өтті. Сонымен қатар, Мәскеудегі Қытай елшілігі НАТО мен АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы болды. Дипломатиялық өкілдік Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Вашингтонға шабуыл жасаған елдердің тізімін жариялады.

Украина Қарулы Күштері Бас штабының болжамына сәйкес, 24 ақпанда таңертеңнен 26 ақпанда кешке дейін Ресейдің басқыншылық әрекеттері салдарынан бірқатар шығындар болды. 

Соның ішінде 3000-нан астам адамнан тұратын жеке құрамнан айырылу, шамамен 100 шақты танктер, жауынгерлік 540 бронетранспортерлер, зеңбіректер-15, ҚРЗ " Бук " - 1, ұшақтар – 16, тікұшақтар – 18.

Айта кетсек, ресейліктер Украинадағы соғысқа қарсы шерулерге 24 ақпаннан бастап шығуда. Әр күн сайын олар “Соғысқа жол жоқ” деген плакаттармен алаңға жиналуда. Дегенмен митингтер рұқсат етілмеген болғандықтан наразы тұрғындарды жаппай полиция ұстап әкетіп жатыр. 

Талқылау