Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадан 2,3 миллионнан астам адам кетіп қалған

БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Украинадан келген босқындар туралы жаңа деректерді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көші-қон агенттігінің мәліметінше, 10 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 2,3 миллионнан астам адам кеткен, оның 112 мыңнан астамы – басқа елдердің азаматтары.

Олардың ішінде Румыния мен Польшаға қашуға мәжбүр болған 77 тунистік азамат, Румынияға қоныс аударған 3 Ливан азаматы және Ганадан келген 17 студент бар.

Тунистіктердің арасында үш ересек адам мен екі жасар бала бар. Олар елден шықпас бұрын Киевтегі үйінің жертөлесінде 5 күн болғанын айтты.

Бір күн бұрын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасы Украинадан келген босқындардың басым бөлігі Ресей, Польша шекарасын кесіп өткенін, қалғандары Венгрия, Молдова, Словакия және басқа да Еуропа елдеріне кеткенін хабарлады.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасы "осы қарқынмен бұл жағдай Еуропадағы осы ғасырдағы ең ірі босқын дағдарысына айналуы мүмкін" деп санайды.

Бұған дейін Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Словакия үкіметі де Украинадан босқындардың келуіне байланысты елде төтенше жағдай енгізді.

Талқылау