Көкжайлауда бір топ қабанға тап болған туристер таудан түсе алмай қалған

Фото: Алматы ТЖД
Көкжайлауға шыққан туристердің алдынан бір топ қабан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
9 шілде сағат 18:45-те Алматының "109" құтқару қызметіне Ресейдің екі азаматы қоңырау шалған. Көкжайлау жолынан түсіп келе жатқанда бір топ жабайы шошқа әйелдердің жолын бөгеп қалды.
"БАУ" бекетінен координаттарды алғаннан кейін бірден кезекші бригада, яғни 5 құтқарушы және 1 бірлік техника жолға шықты. 20:24-те жетіп, 30-40 минутта мәселені шешті.
Әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір олармен бірге "109" құтқару қызметінің құтқарушылары жүр.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді