Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әуежай қызметкері табылды

Шымкенттік полицейлер Жаңа жыл қарсаңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Шымкент әуежайының қызметкерін тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 жылғы 31 желтоқсанда Шымкент қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Айсұлу Бақтиярова жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Әйелдің телефоны сөндірілген. Ол әуежайда  әуе кемелерін тазалаушы болып жұмыс істеген. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы 9 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен әйел Алматы қаласында табылды.



"Оның денсаулығы мен өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Тексеру барысында отбасылық жанжалға байланысты үйден кеткені анықталды", - деп хабарлады полицияда.

Айта кетейік, бұған дейін күйеуі Жорабек Бахтияров араларында ешқандай сөзге келіспеушілік болмағанын айтқан.

Ведомствода әйелді үйіне әкелгенін хабарлады.

Жоғалған әйелдің күйеуі полицияға оны тауып, үйіне қайтарғаны үшін алғыс айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр